Жаңалықтар

ШҚО-да былтыр ЖРВИ-дің 200 мыңнан астам жағдайы тіркелген

Шығыс Қазақстан облысында тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекцияның 2026-2027 жылдардағы эпидемиологиялық маусымы 2026 жылғы 1 қазаннан 2027 жылғы 1 мамырға дейін жалғасады. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Өткен маусымда облыста ЖРВИ-дің 216 982 жағдайы тіркелген. Оның 129 948-і 14 жасқа дейінгі балалардан анықталды. Бұл жалпы көрсеткіштің 59,8%-ын құрайды.

Зертханалық жолмен тұмаудың 182 жағдайы расталды, оның 93-і балалар арасында тіркелген. 2024-2025 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ЖРВИ көрсеткіші 9%-ға, тұмау 4,6 есе өскен. Алайда сырқаттанушылық деңгейі көпжылдық бақылау көрсеткішінен асқан жоқ.

Өткен эпидемиологиялық маусымда коронавирус инфекциясының 2 жағдайы анықталған. Ал алдыңғы маусымда СOVID-19-дың 25 жағдайы тіркелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button