Жаңалықтар

Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 11 қыркүйекте Алматы, Өскемен қалаларында, түнде Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

10 қыркүйек сағат 20:00-ден 11 қыркүйек 20:00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы бірінші дәрежелі ескерту сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар –  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button