Жаңалықтар
Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
12 қыркүйекте Өскеменде кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жәрмеңке сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында (Жібек Жолы көшесі, 44) және «Дос-Нар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17а) ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті), шұжық және сүт өнімдері, нан-тоқаш, бал және тағы басқа да өнімдер ұсынылады.



