Жаңалықтар

Өскемендегі облыстық онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

26 қыркүйек күні Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өңір тұрғындары Орталықтың жетекші мамандарынан тегін кеңес ала алады.

Іс-шара аясында гинекологиялық ауруларды ерте диагностикалау және алдын алу мәселелері бойынша тегін консультациялық қабылдау ұйымдастырылады.

– Мамандардан кеңес алып, гинекологиялық аурулардың алдын алу және оларды уақтылы анықтау туралы толық ақпарат ала аласыздар. Қабылдау алдын ала жазылусыз жүргізіледі. Учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес. Өзіңізбен бірге жеке куәлік алып келу қажет, – делінген хабарламада.

Мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 1-корпус Консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана).

Анықтама телефондары: +7 (7232) 20-89-97, +7 771 944-48-08.

Басқа жаңалықтар

Back to top button