Жаңалықтар
ШҚО-да екі бүркіт фототұзаққа түсіп қалды
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында фототұзаққа бір мезетте екі бүркіт түсіп қалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бүркіт – Алтай табиғатының айбынды жыртқыш құстарының бірі.
– Фототұзақтар жануарлар мен құстарды табиғи ортасында мазаламай бақылауға және олардың тіршілігі туралы құнды деректер жинауға мүмкіндік береді. Дәл осы аумақ бұған дейін фототұзаққа түскен қар барысының кадрларынан көпшілікке таныс. Бір мекеннің жабайы табиғаттың түрлі өкілдеріне ортақ болуы – ерекше көрініс, – делінген Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарламасында.



