Жаңалықтар
Өскемендегі Бражий бұлағының маңы абаттандырылды
Облыс орталығындағы Бражий бұлағының аумағында абаттандыру жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Аумақ тазартылып, көгалдандырылып, жарықтандыру элементтері орнатылды. Демалыс орындары ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасалды. Жаңарған аумақ тұрғындар мен қала қонақтары үшін серуендеп, тынығуға қолайлы орынға айналды, – деп жазды Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.



