Жаңалықтар

«Торпедо» хоккей клубының жаңа басшысы тағайындалды

​«Торпедо» хоккей клубы Бауыржан Мұратұлы Қазидың клуб басшысы лауазымына тағайындалғанын хабарлады. 

​Бауыржан Қази 1985 жылы 17 мамырда Өскемен қаласында дүниеге келген. Кәсіби спорт, спорттық менеджмент және әкімшілік басқару саласында көпжылдық тәжірибесі бар.

​Әр жылдары волейбол клубтарында басшылық әрі бапкерлік қызметтерді атқарған, Ұлттық лига командаларымен жұмыс істеген, сондай-ақ спорттық және халықаралық процестерді ұйымдастыруға қатысқан. 2023 жылдан бері «Berel» кәсіби волейбол клубы» ҚҚ басқарып келеді.

​Бауыржан Қазидың «Бастапқы әскери дайындық», «Құқықтану» және «Қаржы» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

​Бұған дейін клубтың бірінші басшысы қызметін атқарған Виктор Николаевич Быстрянцев «Торпедо» құрылымында жұмысын жалғастырып, басшының спорттық бағыт жөніндегі орынбасары лауазымына ауысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button