Жаңалықтар
Өскемен – Тарғын – Самар тасжолында көлік өртенді
8 қыркүйек күні сағат 21:00 шамасында Самар ауданында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті 10 шаршы метр аумақта толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Марина Лискова.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерді автокөліктерін уақытылы техникалық қызметке көрсетіп, салонда өрт сөндіргіш құралын алып жүруге шақырады.



