Жаңалықтар

Еліміздің 11 өңірінде 13 жаңа колледж салынады

Қазақстанның 11 өңірінде 20 мың орынға арналған 13 жаңа заманауи колледж салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады. 

Министрдің айтуынша, Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инфрақұрылымы жаңғыртылып, қазіргі заманғы колледждерде жастарды оқыту үшін жағдайлар жасалуда.

Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен 174 колледж, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар қолдауымен 13 колледж жабдықталған. Десе де еліміз бойынша 143 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын шұғыл жаңарту талап етіледі.

Саланы одан әрі жаңғырта түсу үшін еліміздің 11 өңірінде 13 жаңа заманауи колледж салу көзделген. Бұл өңірлердегі тапшылықты азайтып, жастарымызды заманауи, жабдықталған ортада сапалы кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге тікелей мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button