Жаңалықтар
ШҚО-да 130 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды
Шығыс Қазақстан облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өңірде ШҚО Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құрылған 16 мобильді топ жұмыс істейді.
Полиция қызметкерлері аумақтық басқарма орталығының өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығы аумағындағы қоқысты жою жұмыстарын жүргізді.
«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында 155 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, оның 130-ы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп толығымен жойылды.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері өңірде абаттандыру саласында 7 225 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.



