Жаңалықтар
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Облыс орталығында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– 8 қыркүйек сағат 20:00-ден 9 қыркүйек 20:00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы бірінші дәрежелі ескерту жарияланды, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



