Жаңалықтар

ШҚО облыстық ауруханасының жансақтау бөлімі жөндеуден кейін қайта ашылды

Бірнеше ай бойы ауыр хәлде түскен пациенттер уақытша ұйымдастырылған палаталарда ем алып, дәрігерлер қолайсыз жағдайда жұмыс істеді.

Енді Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының жансақтау бөлімі жаңарып, заманауи жабдықтармен және пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін жайлы жағдаймен қайта ашылды.

Ғимаратты қайта жаңарту жұмыстары 2025 жылы басталған болатын. Жөндеу кезінде жансақтау төсектері аурухананың басқа бөлімшелеріне уақытша орналастырылды. Яғни, қарқынды терапияны қажет ететін пациенттерге медициналық көмек көрсету тоқтаған жоқ.

Жұмыс барысында ғимарат толығымен өзгерді. Мұнда ішкі аймақтар жаңартылып, кеңістікті ұйымдастыру тәртібі өзгертілді, палаталар мен жұмыс бөлмелерінің орналасуы ыңғайлы етілді. Медициналық персоналға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.

Енді бөлімше әлдеқайда жарық әрі кең бола түсті. Онда ауыр хәлдегі пациенттерді бақылау мен емдеуге арналған заманауи жабдықтар орнатылды.

Ашылу салтанатынан кейін жаңартылған палаталарға экскурсия жүргізілді. Оларды аурухана дәрігерлері, басқа бөлімше меңгерушілері, әкімшілік өкілдері және құрметті қонақтар аралап көрді. Тіпті еңбек демалысына шыққан мамандар да келіп, өздері көп жылдар бойы еңбек еткен бөлімшедегі өзгерісті оң бағалады.

Енді дәрігерлер мен медбикелер заманауи талаптарға толық сай келетін жағдайда жұмыс істейтін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button