Жаңалықтар

ШҚО-да экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімдер жауапкершілікке тартылды

ШҚО Экология департаменті мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, Катонқарағай ауданының Катонқарағай, Аққайнар, Ақсу, Белқарағай, Жамбыл, Коробиха және Өрел ауылдарының әкімдіктерінде экологиялық заңнама талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті экологиялық рұқсаттар мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары болмағаны анықталды.

– Анықталған заңбұзушылықтар бойынша экологиялық заңнама талаптарын тиісінше орындамағаны үшін ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берілді , – деп хабарлады облыстық экология департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button