ШҚО-да «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы аясында мыңнан астам рейд өтті
Шығыс Қазақстан облысында 15 тамызда басталған «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
19 күн ішінде полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізді.
Акция барысында полиция қызметкерлері 588 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, ал қараусыз жүргені үшін 340 кәмелетке толмаған бала полиция органдарына жеткізілді. Сонымен қатар тұрмыстық жағдайы қиын 850 отбасы тексерілді.
– Балалардың жол қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылуда. Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарының маңындағы аумақтар мен жол инфрақұрылымын тексерді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 194 нұсқама берілді. Балалармен 1,3 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Өңірдегі мектептер мен колледждерде 400-ден астам құқықтық сауаттылық бойынша дәріс және 550-ден астам есірткінің алдын алуға бағытталған іс-шара өтті, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.
Айта кетейік, «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.



