ШҚО-да 590 есірткі жарнамасы мен QR-код жойылды
ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының және Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп кезекті профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Рейд барысында есірткі граффитилері, QR-кодтар және тыйым салынған жарнаманың басқа да түрлері анықталып, дереу жойылды. Сондай-ақ тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
– Жыл басынан бері өңірде 590 есірткі жарнамасы мен QR-код анықталып, жойылды. Бұдан басқа, есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз насихаттау және жарнамалау фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері азаматтарды күдікті жазуды немесе QR-кодты байқаған жағдайда, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.



