Жаңалықтар

ШҚО-да жер сілкінісі тіркелді

Кеше Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 23:08-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 км жерде орналасқан. Ошақтың координаттары: солтүстік ендіктің 49.167°, шығыс бойлықтың 84.417°. Дүмпудің Үлкен-Нарын ауылындағы есептік қарқындылығы 2 балл болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button