Жаңалықтар
Өскеменде ертең жәрмеңке өтеді

5 қыркүйек күні Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жәрмеңке өтетін орындар:
– «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағы (Жібек Жолы көшесі, 44);
– «Дос-Нар» сауда үйі (Виноградов көшесі, 17а).
Жәрмеңкеде ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті), шұжық және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, бал және тағы басқа да өнімдерді қолжетімді бағада сатып алуға болады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін жалғасады.



