Жаңалықтар
Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.



