Жаңалықтар

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Мұрат Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып бастады.

2006 жылдан 2014 жылға дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2014–2017 жылдары – Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы.

2017–2020 жылдары –  Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

2020–2023 жылдары –  Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2023–2024 жылдары –  ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы.

2024-2026 жылдары ҚР ТЖМ Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

2026 жылғы маусымнан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button