ШҚО-да 643 қауіпті объект анықталды
2024 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпті объектілер картасы» жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жобаның негізгі міндеті – қараусыз қалған және иесіз ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ құрылыс алаңдары сияқты қауіпті объектілерге қолжетімділікті болдырмау арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу.
– Жоба шеңберінде осындай объектілерді анықтау, оларды тиісті түрде қоршау, қолжетімділікті шектеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, сондай-ақ оларды жою және қауіпсіз жағдайға келтіру жөнінде шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда өңір бойынша 643 қауіпті объект анықталды, оның 462-сі жойылды. Бұл жұмыс жалғасуда және қосымша құрылыс объектілерін де қамтиды, – делінген Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарламасында.
Қазіргі уақытта облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар мен құрылыс субъектілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жадынамалары таратылуда.



