Жаңалықтар

Марқакөл ауданында заңсыз қоқыс төккен екі адам жауапқа тартылды

Марқакөл ауданының полиция қызметкерлері Ақжайлау ауылында тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен екі адамды анықтады. Тексеруге әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба негіз болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бейнекадрлардан тіркемесі бар трактордың елді мекен аумағына қоқыс түсіріп жатқаны көрінеді. Қалдықтардың Ұрынқай ауылынан әкелінгені белгілі болды.

– Азаматтарға қалдықтарды арнайы бөлінген орынға апарып кәдеге жарату міндеттелген. Алайда олар қоқыс полигонына жетпей, қалдықты басқа жерге төгуді жөн көрген. Тексеру нәтижелері бойынша трактор жүргізушісі екі факті бойынша көлік құралын пайдалану талаптарын бұзғаны және ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Екінші адам тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орынға тастағаны үшін жауапқа тартылды. Трактор арнайы тұраққа қойылды. Құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button