Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 20,6 млн адамнан асты

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 604 819 адамға жетті. Жыл басынан бері халық саны 105 мыңға жуық адамға өсті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жыл басында бұл көрсеткіш 20 499 822 адам болған еді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 10 531 747 әйел және 10 073 072 ер адам бар.

1 тамыздағы дерек бойынша қалаларда 13,2 миллионнан астам адам, ауылдық жерлерде шамамен 7,4 миллион адам тұрады.

Халық саны ең көп қала – Алматы. Мұнда шамамен 2,3 миллион адам тұрады. Түркістан облысында 2,1 миллион, Астана мен Алматы облысында шамамен 1,6 миллион тұрғын, сондай-ақ Шымкент қаласында 1,3 миллионға жуық адам бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button