Жаңалықтар
Өскеменде қоғамдық көлікте жолақы қымбаттай ма?
Облыс орталығында «Қоғамдық көлікте бірыңғай және сараланған тарифті белгілеу» туралы қаулы жобасы әлі де талқыланып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өскеменде 1 қыркүйектен бастап қоғамдық көліктегі жол жүру тарифтері өзгеруі мүмкін екені жарияланған еді.
Қаулы жобасына сәйкес, келесі тарифтерді енгізу ұсынылған:
– қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде – 120 теңге;
– қолма-қол төлем кезінде – 200 теңге.
– Қазіргі уақытта қаулы жобасы жария талқылау кезеңінде, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған. Қоғамдық талқылау 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Әзірге жол жүру ақысы өзгеріссіз қалады.



