Жаңалықтар

«Браконьер»: ШҚО-да 47 заң бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында 24-28 тамыз аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері аң аулау құралдарын сақтау және пайдалану талаптарының сақталуын да тексеріп, әрбір анықталған факті бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылдады.

– Төрт күн ішінде полиция қызметкерлері 47 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның 25-і аң аулау қағидаларын бұзуға, 21-і балық аулау қағидаларын бұзуға байланысты болса, тағы бір факті ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы бойынша тіркелді, – делінген ШҚО Полиция департаментінің хабарламасында.

Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button