БастыЖаңалықтар

Өскеменде қала күні аталып өтті

Өскеменде қала күніне орай 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шаралардың шарықтау шегі Республика алаңында өткен ауқымды кешкі концерт болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Концертті тамашалау үшін Республика алаңына 120 мыңнан астам адам жиналды.

Мерекелік кеште танымал өнерпаздар және эстрада жұлдыздары Меруерт Түсіпбаева, Daricorn, Серік Ибрагимов,  Amre, Жігер Ауыпбаев, Yenlik, Ninety One және «Краски» тобы өнер көрсетті.

Эстрада жұлдыздары әсем әуенді әндер шырқап, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көрермендер танымал әншілердің өнерін тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Мерекелік кеш көпшілікке ұмытылмас әсер қалдырды.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Аймақ басшысы өңір тұрғындарын қала күнімен құттықтады.

– Әрбір Өскеменнің жетістігі – бұл біздің ортақ жеңісіміз. Сондықтан да барлығымыз бірге күн сайын қаламызды одан әрі көркейтуге бірлесіп жұмыс жасай берейік!, – деді облыс әкімі.

Мерекелік шара Республика алаңындағы ерекше отшашумен қорытындыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button