Жаңалықтар

Өскеменде ер адам көпірден секіріп кетті

Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс көпірінен секіріп кетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 тамыз күні сағат 16:24-те «102» арнасына белгісіз ер адамның Ертіс көпірінен секіріп кеткені туралы хабарлама түскен.

Тексеру барысында оның 35 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button