Жаңалықтар
Өскеменде бал жәрмеңкесі өтеді
Облыс орталығында қала күніне орай бал жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
30 тамыз күні таңғы сағат 8:00-ден бастап Республика алаңында бал жәрмеңкесі өтеді. Оған 60-тан астам омарташы және шаруа қожалығы қатысады. Жәрмеңкеге 30 мың тонна табиғи, емдік бал әкелінеді.
Сондай-ақ ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары шұжық, сүт, нан тоқаш өнімдерін, көкөністер және басқа да табиғи өнімдерді сатып ала алады.



