Жаңалықтар

Пробация есебіндегі бес азамат жұмысқа орналасты — ШҚО

ШҚО ҚАЖД Сол жағалау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – пробация есебіндегі азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және қайта құқық бұзушылықтың алдын алу.

Жәрмеңкеде қатысушыларға жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары таныстырылып, жұмысқа орналасу талаптары мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Нәтижесінде пробация есебінде тұрған 5 азамат жұмысқа орналасты.

Пробация қызметінің өкілдері тұрақты жұмыстың азаматтардың қоғамға қайта бейімделуінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button