БастыЖаңалықтар

Күршімде ер адам әйелін бөлшектеп өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Күршім ауылында 23 тамыз күні бір үйден екі мәйіт табылды

31 жастағы әйелге күйеуі дене жарақаттарын салған. Кейін ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 1990 жылы туған ер адамның мәйітін үйдің дәлізінен тапқан.

Сондай-ақ үйдің қоймасынан 1995 жылы туған әйелдің мәйіті табылған. Бізге белгілі ақпарат бойынша, оның денесі бөлшектенген күйде болған.

— Аталған факті бойынша Күршім аудандық полиция бөлімі қылмыстық істер қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жарияланбайды, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button