Жаңалықтар

Өскемендіктер қала күнін қалай атап өтеді?

Қаланың бірнеше шағын ауданы, тіпті, тұрғындары белсенді үйлердің аулалары қала күнін атап өтпек.

Мәселен, Аблакет ықшамауаданының тұрғындары 28 тамыз күні сағат 11.00-ден бастап Островский 20/1 мекенжайына жиналмақ.

25 тамыз күні сағат 16.00-ден бастап Арбатта көше фотографтары мен суретшілерінің арт-фестивалі және «Dance Battle» фестивалі өтеді.

26 тамызда Амфитеатр 16.00-де қаламызда бесінші рет дәстүрлі «White Party Oskemen» мерекелік кеші өтеді.

27 тамыз күні Өскеменде Қала күніне орай қалалық бұқаралық түнгі жүгіру жарысы өтеді. Қатысушыларды жинау сағат 19:30-да, ал жарыс сағат 20:30-де басталады. Старт: A-Store (Сәтбаев даңғылы, 15Б). Финиш: «MaxiMall» сауда-ойын-сауық орталығы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button