Жаңалықтар
ШҚО-да сайлау учаскесіне трансформерлер келді
Шығысқазақстандықтар Құрылтай сайлауында жаппай белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.
Сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың арасында ерекше образда келген азаматтар да бар. Солардың бірі – трансформер кейіпкерінің костюмін киген азамат.
Ол сайлау учаскесіне арнайы киіммен келіп, дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасады.
Ерекше образ сайлаушылардың назарын аударып, әсіресе балалар мен жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.



