Жаңалықтар
Күш спортынан әлем чемпионы Темірлан Кенжеханов Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Шығыс Қазақстан облысындағы барлық 534 сайлау учаскесі заңнама талаптарына сәйкес таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.
Таңертеңнен бастап азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатыр.
Қоғам белсенділері мен спортшылар да саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
Шығысқазақстандық спортшы, күш спортынан әлем чемпионы, строгнмен, Темірлан Кенжеханов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
– Мен бүгін 20 мектепте орналасқан №82 сайлау учаскесіне дауыс беруге келдім. Біз әсіресе жастар саяси науқаннан шет қалмай өз таңдауымызды жасаумыз керек деп ойлаймын, – деді Темірлан Кенжеханов.



