Жаңалықтар
Ольга Рыпакова Құрылтай сайлауында дауыс берді

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Олимпиада чемпионы Қазақстан үшін бұл маңызды оқиға екенін атап өтті. Өйткені елімізде алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өткізіліп жатыр.
Ольга Рыпакова сайлауда еліміздің кез келген өңіріндегі сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік беретін есептен шығару куәлігін пайдаланды.
– Құрылтай еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенемін, – деп жазды Ольга Рыпакова.



