Жаңалықтар

ШҚО-да алғашқы сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды

Шығыс Қазақстанда бүгінгі таң ел ертеңіне бейжай қарамайтын азаматтардың таңдауымен басталды.

Таң сәріден сайлау учаскелеріне жиналған алғашқы сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға қатысып жатыр.

Учаскелер есігін ашқан сәттен-ақ тұрғындар үшін дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалды.
Өңірдегі 534 сайлау учаскесінің барлығы сағат 07:00-де жұмысын бастады. Ал алғашқы болып дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button