Жаңалықтар

ШҚО-да балалар қауіпсіздігіне арналған қысқаметражды мультфильм көрсетілді

Оқу жылының басталуына орай Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары облыстың Цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп, қысқаметражды мультфильм әзірледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұл қысқаметражды мультфильм ата-аналар мен қоғамның назарын қауіпсіздік мәдениетін арттыру қажеттілігіне және балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеуге аудару мақсатында әзірленді.

Мультфильм балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктері ескеріле отырып әзірленген. Қысқа әрі мазмұнды оқиға есте оңай сақталып, ең бастысы, балаларды қауіпсіз мінез-құлыққа үйретеді.

– Мультфильм Өскемендегі кинотеатрлардың бірінде фильм басталар алдында көрермендерге ұсынылды. Алдағы уақытта құтқарушылар оны балабақшалар мен мектептерде көрсететін болады, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button