Жаңалықтар

Өскемендік кәсіпкерлерге абаттандырудың жаңа қағидалары түсіндірілді

19 тамыз күні  Өскемен қаласының “Защита” ауданында Өскемен қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Аумақтық басқару орталығы және полиция қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен рейд өтті.

Іс-шараның мақсаты – 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа Үлгілік қағидаларының талаптарын кәсіпкерлерге түсіндіру.

Рейд барысында дүкендер, дәмханалар және өзге де коммерциялық нысандардың иелеріне өз нысанына іргелес 5 метр аумақты таза ұстау, қоқысты уақытылы жинау, ғимараттардың қасбеті мен кіреберіс топтарын тиісті жағдайда күтіп ұстау міндеттері түсіндірілді.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button