Жаңалықтар
ШҚО-да 400-ге жуық стихиялық қоқыс орны жойылды
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында елдімекендер аумағын ретке келтіру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Полиция қызметкерлері тұрақты негізде қоқыс жиналған орындарды анықтап, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдап жатыр.
– Бүгінде облыс аумағында 442 стихиялық қоқыс орны анықталып, оның 394-і жойылды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қалдықтарды белгіленбеген жерлерге орналастырудың 140 фактісін анықтады. Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін 388 ұсыну жолданды. Оның 362-сі бойынша тиісті шаралар қабылданып, құрылыс және тұрмыстық қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылды, – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.



