Жаңалықтар

Зайсан көлінің жағалау аумағының санитарлық жағдайы тексерілді

Тарбағатай ауданында Байтоғас ауылы маңындағы Зайсан көлінің жағалау аумағының санитарлық жағдайы тексерілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Профилактикалық шаралар барысында кәсіпкерлер мен демалушыларға тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жинау және шығару, экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 26 адамға хаттамалық ескерту толтырылып, тағы үш азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес айыппұл салынды.

Сонымен қатар кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен жағалау аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тұрмыстық қоқыс жиналып, қалдықтар шығарылып, аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынды.

Жағалау аумағының санитарлық жағдайын бақылау алдағы уақытта да жалғасады. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлермен және тұрғындармен бірлесіп, демалыс орындарында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button