БастыЖаңалықтар

Өскемендегі Оқушылар шығармашылық сарайына қабылдау басталды

Мұнда әрбір бала өз жанына жақын бағытты тауып, қабілеті мен дарынын шыңдап, жаңа дағдыларды меңгере алады. Ән мен би, қолөнер және медиа үйірмелеріне қатысу тегін.

Оқушылар шығармашылық сарайы — 6 мен 18 жас аралығындағы балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы.

Түрлі бағыттар бар:

Театрлық шығармашылық;
Вокал және музыка;
Хореография және би;
Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер;
Журналистика және медиа;
Балалар мен жасөспірімдерге арналған басқа да шығармашылық бағыттар.

Бізде балалар тек білім алып қана қоймайды, олар жаңа дүниелерді ойлап табады, сахнада өнер көрсетеді, жобалар мен конкурстарға қатысады, өз жеке басын танытып, арманына қарай сенімді қадам басады, — дейді Өскемен қалалық Оқушылар шығармашылық сарайындағылар.

2026-2027 оқу жылына қабылдау жүріп жатыр.

Ал 29 тамызда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін шығармашылық сарайында ашық есік күні өтеді. Ашық есік күніне келушілер студиялар мен бағыттардың жұмысымен таныса алады.

Мекенжайы: Оқушылар шығармашылық сарайы, Антон Чехов көшесі, 63.

Анықтама телефоны: 26-56-53.

Басқа жаңалықтар

Back to top button