Жаңалықтар

Өскеменде түнгі жүгіру жарысы өтеді

27 тамыз күні Өскеменде Қала күніне орай қалалық бұқаралық түнгі жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Қатысушылар 2 шақырымды жүгіріп өтуі керек. Жарысқа 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

Қатысушыларды жинау сағат 19:30-да, ал жарыс сағат 20:30-де басталады.

Старт: A-Store (Сәтбаев даңғылы, 15Б).

Финиш: «MaxiMall» сауда-ойын-сауық орталығы.

Жарысқа 300 адамға дейін қатыса алады.

Старттық номерлерді 26 тамыз күні Дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінен алуға болады. Тіркеу және номерлерді беру бөлімнің жұмыс тәртібіне сай болады.

– Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар, медальдар және дипломдар табысталады. Мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль беріледі. Жүлде қоры 900 000 теңге. Қауіпсіздік мақсатында фонарь және жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану ұсынылады, – делінген хабарламада.

Қауіпсіздік мақсатында старт пен финиш аймақтарында жол қозғалысы уақытша реттеледі. «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығы жағында тек бір қозғалыс жолағы жабылады. Жол қозғалысын реттеуді жауапты қызметкерлер қамтамасыз етеді. Жарыс аяқталғаннан кейін қатысушыларды марапаттау рәсімі бірден «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Тіркелу үшін мына нөмірге хабарласуға болады 8 777 981 85 47 (Альмира). Анықтама үшін: 40-12-12. Бас төреші: Амир Байтуқанов – 8 777 790 10 81.

Басқа жаңалықтар

Back to top button