БастыЖаңалықтар

ШҚО-да туристерге Ескі австрия жолымен жүрудің ақылы екені ескертілді

Ескі Австрия жолы – танымал туристік маршруттардың бірі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

ШҚО туристік ақпарат орталығының мәліметінше, бұл жол 1915–1916 жылдары австриялық әскери тұтқындардың күшімен салынған. Ескі Австрия жолы Мәрмәр асуы арқылы өтіп, Марқакөлден Катонқарағай алқабына дейін созылады.

– Ескі Австрия жолымен жүру ақысы Ұрынқай ауылындағы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілігінде төленеді. Маршруттың басым бөлігі мен негізгі шығу жолдары ерекше қорғалатын табиғи аумақ арқылы өтетіндіктен, әрбір саяхатшы тіркелуге және экологиялық жарнаны төлеуге міндетті, – делінген Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button