Жаңалықтар

27943 әскери бөлімінің рота командирі халықаралық додада жүлдегер атанды – Өскемен

Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің рота командирі, лейтенант Рамазан Құлманов халықаралық деңгейдегі жарыста қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінінің мәліметінше, Қырғызстан Республикасының Балықшы қаласында ТМД елдерінің әскери қызметшілері арасында штаттық және табельдік қарудан атудан XVII спартакиада өтті. Халықаралық додаға ТМД мемлекеттерінің әскери қызметшілері қатысып, қарудан дәл ату шеберліктерін сынға салды.

Жарыс барысында әскери қызметшілердің мергендік шеберлігі, қаруды меңгеру деңгейі мен дәлдігі сыналды. Осындай жоғары бәсекеде 27943 әскери бөлімінің рота командирі, лейтенант Рамазан Құлманов ерлер арасында ПМ-3 жаттығуынан 287 ұпай жинап, жекелей есепте III орынға ие болды.

– Рамазан Құлмановтың бұл жетістігі жеке жеңіспен ғана шектелмеді. Оның жекелей есептегі нәтижесі Қазақстан Республикасының құрама командасының жалпыкомандалық есепте II орын алуына да өз үлесін қосты. Бұл жеңіс – үздіксіз дайындық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Әскери қызметте қарудан ату шеберлігін үнемі жетілдіріп, жаттығуларға жауапкершілікпен қарау жоғары нәтижеге жетудің басты алғышарттарының бірі. Рамазан Құлмановтың халықаралық додадағы жүлдесі де осындай жүйелі дайындықтың жемісі, – делінген Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button