Жаңалықтар

ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды  Bizdiң Өskemen. 

Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындардағы жұмысты күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және елді мекендердегі тыныштық пен тәртіпті сақтауға баса назар аударады.

– Патрульдік полиция нарядтары көшелерде, саяжай алқаптарында және адамдар көп жиналатын басқа да орындарда жиі қызмет атқарады. Учаскелік инспекторлар профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексеріп, өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр.  Сонымен қатар полиция қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу талаптарын сақтауын тексеріп, тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдау фактілерін анықтауға да көңіл бөледі, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы 21 тамызға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button