Жаңалықтар

Қыркүйекте ШҚО-да ауа райы қалай болады?

Шығыс Қазақстан облысында қыркүйек айындағы ауа температурасы шамамен +7…+15°С аралығында болады. Сондай-ақ облыстың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжанып отыр. 

Синоптиктердің болжамына сүйенсек,

айдың басында күн салқындауы мүмкін. Күндізгі ауа температурасы +24…+29°С-тан +11…+16°С-қа дейін, түнде +1…+6°С-қа дейін төмендейді. Облыстың батысы мен солтүстік-шығысында ауа температурасы -1°С-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Кейін күн қайта жылынады. Алайда онкүндіктің соңына қарай температура тағы да төмендейді деп болжанып отыр.

Екінші онкүндікте де ауа райы құбылмалы болады.

Түнде ауа температурасы +1…+6°С-тан +10…+15°С-қа дейін, күндіз +10…+15°С-тан +20…+25°С-қа дейін көтеріледі.

Алайда, онкүндіктің соңында ауа райы күрт қайта салқындайды.

Айдың соңында ауа температурасы біртіндеп жылынады.

Ай ішінде жауын-шашын мөлшері ШҚО-ның басым бөлігінде нормадан жоғары болады. Ай соңында таулы аудандарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін, — дейді синоптиктер.

Сонымен қатар бірінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндікте бұршақ жаууы ықтимал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button