«Металлург» саябағындағы аттракциондардың бағасы арзандады – Өскемен

     сурет: noks.kz

     «Металлург» саябағындағы аттракциондардың бағасы арзандады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

     Тұрғындардың шағымынан кейін кейбір аттракциондардың бағасы өткен жылғы бағаға өзгертілді. 

   – Аттракциондардың билет бағасы 500, 300, 200 теңгеге төмендеді. Жөндеу, жалақы төлеу, салық пен өзге де міндетті шығындарға байланысты бағаны одан әрі төмендету мүмкін емес, – дейді саябақты жалға алушы Александр Измайлов. 

   Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала әкімі Алмат Ақышов жалға алушыларға бағаларды қайта қарау және бірнеше аттракционға ортақ бірыңғай билет енгізу мүмкіндігін қарастыру тапсырған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button