1 қыркүйектен бастап 2-4 сынып оқушылары жаңа тәсілмен бағаланады
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4 сынып оқушылары жаңа тәсілмен бағаланады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, критериалды бағалау жүйесі сақталады. Осыған сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілдері енгізіледі.
«Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Жаңартылған тәртіпте формативтік бағалау сақталып, оның рөлі күшейтіледі. Ал оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі. Ең алдымен формативтік бағалаудың тоқсандық бағадағы үлесі артады. Формативтік бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Тек балл қою тәсілі нақтыланады», – деді спикерОрталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.



