Өскеменде жерүсті өткелдер жөнделеді

Облыс орталығындағы жерүсті өткелдерде жақын арада жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Жаяу жүргіншілер көпірлерінде (Рыпакова мен Спорт сарайы маңындағы) жақын уақытта шатырларды ауыстыру жұмыстары басталады. Арнайы мамандандырылған компания шыны конструкцияларды жеке тапсырыс бойынша дайындап жатыр. Осы жұмыстар аясында лифтілерді ауыстыру, көтергіштерді жөндеу да жоспарланған. Барлық конкурс рәсімдері аяқталып, жабдықтар сатып алынды, олардың бір бөлігі қалаға жеткізілді, – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

        Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғыны Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы маңындағы жерүсті өткеліндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифтінің жұмыс істемейтінін айтып шағымданған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button