Жаңалықтар
ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

18 тамызда күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметінше, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскеменде түннің бірінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі.



