Жаңалықтар

Өскеменде сауда дүңгіршегінен ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды

Өскеменде полиция қызметкерлері сатушының ұялы телефонын ашық түрде жымқырып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Оқиға қаладағы базарлардың бірінің аумағында орналасқан сауда дүңгіршектерінің бірінде болған. Ер адам тауар сатып алу сылтауымен сатушыдан ұялы телефонын көрсетуін сұраған.

– Телефонды қолына алған сәтте оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құрады. Жедел түрде жүргізілген іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері ШҚО ПД Жедел басқару орталығының инспекторларымен бірлесіп, күдіктінің жеке басы мен жүрген жерін анықтады. Ол – Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны. Күдікті көп ұзамай ұсталды, – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button