Өскеменде жоғалып кеткен 12 жастағы турист табылды
Өскеменде полиция қызметкерлері қаладағы сауда үйлерінің бірінде жоғалған шетелдік 12 жастағы баланы іздеп тапты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
16 тамызда сағат 15:30 шамасында Өскемен қаласының сауда үйлерінің бірінде Қытай Халық Республикасының 12 жастағы азаматы жоғалғаны туралы полицияға хабар түскен.
– Кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен бірге қалаға турист ретінде келгені белгілі болған. Сауда үйіне келген кезде бала адасып қалып, ата-анасын өз бетінше таба алмаған. Полиция қызметкерлері шұғыл түрде іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, 40 минут ішінде 12 жастағы Zhang Tang Bo табылды. Жасөспірім ата-анасына табысталды, – делінген ШҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Кәмелетке толмаған баланың анасы полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.



